Түркістанның 1500 жылдық мерейтойының аталып өткеніне де 11 жыл. Қасиетті қала қазақ халқының мақтанышы, барша түркі халықтарына ортақ қара шаңырақ. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын Түркістандықтар толағай табыспен қарсы алғалы отыр. Бүгінде де Түркістанның мерейі биіктеп, мол жетістіктерге жетуде.
Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қала күні мерекесі – қызылды-жасылды әшекей, ән, күй, би жарысы ғана емес, өткенге есеп беру. Бұл жөнінен Түркістанда көңіл марқайтатын жұмыстар жүріп жатыр. Қаланың жалпы кісірісінің 34 пайызын ауыл шаруашылығы өнімдері береді екен. Биылғы жылы мұнда төрт түлік басы артып, ет, сүт өнімдері артығымен алыныпты.
Жайма шуақ күні салттанатты түрде боксшы Әбсалам Нұрмахановтың құрметіне ескерткіш орнатылып, воллейболшы Октябрь Жарылқапов есімі берілген балалар стадионы жаңартылған. Мемлекеттік бюджеттен 50 орынды бала-бақша мен 16 пәтерлік көпқабатты үй салынып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларына берілді.
“Қала күні” мерекесіне орай «Есімхан” алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мейрамда «салтанат «мемлекеттік би ансамблі өнерімен көрерменді тәнті етті. Мерекеде озық еңбегімен көзге түскен тұлғалар құрметті азамат атағымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Әрі қарай “Қала күні” мерекесі кешкі жастар сейіліне ұласты.