- Иркутскіде өткен 10-шы Байкал халықаралық «Адам және табиғат» атты кинофестивальінде «Сага о сайге» атты мультфилімі алғашқы орынды иемденді. Кішкентай көрермендердің көз айымына айналған бұл туынды осыдан бірнеше жыл бұрын өзіміздің Оңтүстікте жарыққа шыққан болатын. Міне, енді шетелдіктердің көңілінен шығып отыр.
Біздің мультфилімді тамашалағандар ерекше сезімде болды. Өйткені, ол көз алдымызда азайып құрып бара жатқан бөкендер жайында. Қаныпезер адамдардың олар арқылы пайда тапқысы келетіндеріде бұл туындыда көрсетіледі. Бірақ, жаны жайсаң адамдардың да бұл өмірде бар екендіктері соңында белгілі болады дейді мультфилімнің режисері Мақсұт Жеримбетов.
Биылғы фестивальдің ерекшелігі ол қазылар алқасының мүшелерінде болып отыр. Биыл қазылар мүшесін әйгілі шетелдің деректі фильімдерді түсурудің шебері Владимир Эйснер басқарған. Ал оның кеңесшісі ретінде Франциялық актер әрі режисер Стефан Бретон алынған.