//
Оқыс оқиға 

Сауда орнының егесін пышақтап өлтірген

28-қазан күні Абай аудандық полиция бөліміне Республика даңғылында орын алған қайғылы оқиға туралы хабар келіп түседі. Қылмыс жылыту қазандықтарын сататын дүкенде орын алған. Сауда орнының 42 жастағы егесін пышақтап өлтіріп кеткен.

Бізге мәлім болғаны, сол күні оқиға орын алардан бір сағат бұрын қайтыс болған әйелдің күйеуі тауар алуға кеткен екен. Ал бір сағаттан соң оралса әйелі қанға малынып, өлі жатқанын көрген. Сол уақыт аралығында әйел екі қазандықты сатып үлгеріпті. Ал оның төлемақысы кассада жоқ, бұл дегеніңіз ұрлық қылмысының да орын алғанын байқатады.

Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп, куәгерлерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда тергеу жұмыстары қызу атқарылуда.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz