«Шу-чу». Тағы бір кино жарыққа шықты

Алқаптағы өсімдік жастардың қоржынында

Шу-чу. Қазақ киносының қоржыны осындай атауға ие болған тағы бір жаңа арт-комедиямен толықты. Қазақстандық музыкант және шоумен Жантемір Баймұхамедов түсірген 80-90- жылдарды қамтитын дебюттік фильмді алғаш болып шымкенттік көрермендер тамашалады.

Осыдан 6000 жыл бұрын өзге планеталықтар жер шарына ұрығын қалдырып кеткен көк шөп 80- жылдарда жастардың да, егделердің де санасын улап үлгерген. Алматы мен Шу алқабында түсірілген фильмнің атауы да көп жәйтті аңғартады.

«Шу-чудың» негізгі тақырыбы — сол жылдардағы жігіттердің өмірлері, ұстанған қағидалары мен махаббат машахаты және алматылық 4 жігіттің Шу алқабына сапары кезіндегі қауіпті қадамдары. Фильмнің режиссері, продюсері және сценраий авторы Жантемір Баймұхамедов.

Ержан Мұхаш:
Фильм 5 жыл түсірілді. 5 жыл монтаждалды. 700 мың доллордай қаржы жұмсалды.

Премера кезінде режиссерді кездестірмедік. Есесіне достарының көңілінен шығыпты. Рөлдерді сомдаған әртістер де кәсіби емес. Олар бүгінде 35-40 жастағы азаматтар. Фильм желісі 80 жылдардан бастау алып, бүгінгімен 2030 жылдардағы болашақты қамтиды.

 Владимир  Привалов, көрермен

Фильм ұнады. Маған жастық шағымды еске салды. Өйткені мұндай жағдайды сол жылдары тек Алматыда емес, басқа да жерлерде кездестіруге болатын еді. 

Комедия бүгін Алматыда көрсетіледі. Фильм алдағы күндері еліміздің өзге да облыстарында көрермендерге ұсынылады. Ал жастар кинозалдан тоқ көңілмен шықты. Айтуларынша, туынды шындыққа жанасады. Күлкілі тұстары көп. Автордың идеясы қызық. Сабақ боларлықтай.