Жаңалықтар 

Шымкентте бой көтерген балалар алаңшалары стандартқа сай емес

Орамішілік аулаларды көріктендіруде балалар ойнайтын алаңшаларға сапасыз жоба жасаған мердігерлер келесі жылғы тендерге қатыстырылмайды.Қалалық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Бұхарбаев бүгін осындай мәлімдеме жасады. Сапасыз жасалған жоба құрылыстың да сапасыз жүргізілуіне және уақтылы аяқталмауына негіз болып отыр. Бүгін осы мәселе бойынша құрылысшылар, жобалаушылар және депутаттар кездесті. Жоба жасаған мердігерлерге сенімсіздік танытамыз деп мәлімдеме жасар алдын депутат орам ішілік аулаларды көріктендіріп, балалар алаңшасын тұрғызған құрылысшылармен және тұрғындарымен кездесті. Жасалған жұмыстарды көзбен көріп, сапасына қанығуға бел буды. Қаладағы 205 ойын алаңшасы түрлі үлгіде жабдықталып, жасалған. Кейбірінің сапасыз шыққанын байқау қиын емес. Бастапқы жобаны жасаушылардың жіберген негізгі қателігі-құрылысшылардың қолына жан-жақты сарапталған құжат та берілмеген.
Бұлақ басынан былғанады. Құрылысты сапасыз жобамен іске асырған жұмысшылар ауланың ыңғайына қарағанын жасырмайды. Оған үй тұрғындарының өтінішін де орындауға тырыстық дейді. Ал алаңшаларды тапсыру уақыты таяғанда, жұмыс асығыс орындалатыны белгілі. Өйткені, кестеден кешіксең, айыппұл төлейсің. Нәтижесінде 30 мердігердің жұмысы 30 түрлі болып шықты.
Енді көпқабатты үй тұрғындарының арасында «көрші үйдің ауласы жақсы шықты немесе ол жақта біздің ауладағыдай жабдық жоқ» деген жарыс пайда болған. Қалалық мәслихаттың депутаттары келесі жылы қолдан жасалған мұндай келеңсіздік болмауы тиіс дейді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz