Шымкенттік ескекші әлем додасына жолдама алды

240
Ескекшінің жеңіске ұмтылуы

Шымкенттік ескекші Евгений Алексеев Тегеранда өткен Азия чемпионатынан алтын медаль жеңіп алды.

Оңтүстік Қазақстандық спротшы үмітті ақтап, ескекті спорт қайығымен 1000 метрлік қашықтықта 2012 жылы өтетін Олимпиаданың лицензиясына осылайша ие болды.Дәл осы күні 10 жолдама ойналған болса, соның бірі қазақстандық ескекшінің еншісіне бұйырды.

34 жастағы ескекшілер Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов бірлікте жүзген 1000 метрде күшті қарсыластары өзбектермен, ирандықтарды баса озды.

Бұл әлемдік додаға қосатын екінші жолдама.Біріншісін Алматылық ескекші Наталья Сергеева өз қанжығасына байлап үлгерген. Тегерен төрінде өтіп жатқан лицензиялы Азия чемпионаты ертең, яғни 18-қаза, күні өз мәресіне жетеді.

Еліміздің ұлттық құрамасы тағы да 3-4 олимпиадалық жолдамадан үміті бар. Себебі, үш дүркін әлем жастар чемпионатының алтын медаль иегерлері Тимофей мен Сергей Емельянов өз бақтарын сынап үлгермепті. Ендігі сенімді солар ақтамақ.