Түрме бастықтары қызметтен алынды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ИЧ — 167/10 мекемесі бастығының орынбасары мен бірқатар қызметкерлері орнынан алынды.
Бәріне кінәлі осы мекемеде жазасын өтеушілер Р.Аденов пен Е.Бекмұрзаевтың қоныс колониясынан шығып, «сыртқы әлемде» білгенің істегені түрткі болған.
Ауыл-ауылды аралап,қора-қораны тіміскілеп 18,50 қой, бірнеше сиыр ұрлаған қарақшылар өз қылмыстарын қоныс колониясы қызметкерлерінің көмегімен жасаған деген күдік бар.
Себебі, түнгі уақытта колонияда түнеуге тиісті қылмыскерлер керісінше мал ұрлауға түрменің қызметтік көлігін пайдаланған.
Бұл фактіні облыстық прокуратура қызметкерлері анықтаған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Ал, ИЧ-167/10 мекемесі бастығының орынбасарлары Ш. Қаратоғаев, Қ. Избасаров, А.Ержанов және мекеме бастығының кезекші көмекшісі К.Хасанбаев қызметтерінен босатылды.