Телеарна ісінің қым-қиғаш жұмыстарымен танысу, жаңалықтарды дайындап, газетті басып шығару. Мұндай мүмкіндікке азаматтық білім беру мектебінің оқушылары ие болды.
Студиялар мен монтаждау бөлмелеріне студенттер кіруге мүмкіндік алды. Азаматтық білім беру мектебі бұл — жастардың түрлі лекцияларды тыңдап, семинар мен сабақтарға қатысып, саясаткерлермен, тілшілер мен экономистер, мәдениет қайраткерлерімен кездесуге жол ашатын үлкен мүмкіндік.
«Менің ойымша, бұл өте сәтті жоба – дейді өз сөзінде МИСК жетекшісі Елене Шевцова. Аз уақыттың ішінде балалар тек азаматтық құқық жайында ғана біліп қойған жоқ, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысындағы танымал адамдармен танысып үлгерді. Біз бүгін «Отырар» телеарнасы мен «Рабат», «Оңтүстік рабат» газетінің директоры Валентина Куприяновка Куликовамен кездесіп, көп нәрсеге қанық болдық».
Біз мұндай мектептер арқылы біз көптеген мәселелеорді талқылай аламыз. Ал азаматтық қоғамның дамуында БАҚ-ның орны ерекше. Өйткені қарапайым түрғындар өздерінің талап-тілегін БАҚ арқылы білдіре алады. Сондықтан бұл сабақтардың маған көмегі көп, — дейді қатысушылар.
Бұл азаматтық білім беру мектебінің ең алғашқы түлектері. Және мұндай жоба Қазақстанда алғаш рет жұмыс жасауда. Жақында кезекті жаңа топты жинау кезеңі басталады. Жоба жастардың азаматтық белсендігіні арттыруға бағытталған.