Жаңалықтар 

Жетісайлықтар Ресейдің «Даңқ минутында» өз өнерін паш етті

Ресейдің 1-арнасындағы аты шулы «Даңқ минутын» бағдарламасына біздің жерлесіміз де өнер көрсетіп қайтты. Бүкіл жұртшылық алдына Жетісайлық Талғат Арипов ұлы Оңдалсын Бейсебаймен ерекше өнерімен шықты. 5 жастағы Оңдалсын ұсақталған шишаға жатып, инеден өткір шегенің үстімен жүрді. Тіпті, жалаңаш денеге өткір пышақ тастап жұртты таң қалдырды. Бұл факкира жанры деп аталады екен.
Алдымен жерлестеріміз 31 арнадағы «Талант шоу» бағдарламасына қатысқан. Мұнда көрсеткен өнеріне тәнті болған Мәскеуліктер «Даңқ минутына» шақырған. Ресейліктер жолға жұмсалған қаражатты өздері көтерген.
Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы, Байқоныс ауылының тұрғындары отбасымен осындай ерекше цирктік трюктар жасайды. Атасы Бейсебай ауданға белгілі илюзионист, сиқыршы, гипнозшы. Мұндай өнер ұлдарына да жеткен. Бірақ, 3 жасынан үйренген Оңдалсынның талабы ерекше дейді Талғат Арипов.

 Жол, сол жақтағы тамағымыз, жататын орынмызға қаражатты өздері көтерді. Осыған да болар, ұнамай қалама деп қатты қобалжыдық, барынша тырыстық. Үлкен әсер қалдырды.

«Даңқ минутында» әйгілі жүргізуші Елена Малышева уәдесінде тұрып, жерлестерімізге компьютер сыйлапты.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz