Жылуға қарызыңыз бар ма?

175

Шымкентте жылу беру маусымы алдағы айда басталады деп жоспарлануда. Алайда осы күнге дейін тұтынған жылу үшін есеп айырыспағандардың берешегі 590 млн теңгеге жеткен. «3-Энергоорталық» АҚ берген мәліметіне сүйенсек , 24-ші қазанға дебиторлық қарыз 668,9 млн теңгені құраған.

«3-Энергорталық» АҚ мәліметінше түбіртек бойынша жылуға төлемегендердің саны 40 мыңға жуық абонент. Абай ауданы бойынша дебиторлық берешек 105,1 млн., Әл-Фараби ауданы бойынша 262 млн теңгені құраса. Еңбекші ауданында 501 дебитор 228 млн. теңге қарыз.

Берешекті өндіру мақсатында орталықтың мамандары сот орындаушыларымен бірге абоненттерді аралап, ескертуде. Міндетті төлемдер бойынша есеп айырыспағандардың ісі сотқа жіберілуде. Бүгінде 300 млн теңгені өндіру үшін 4 мыңнан астам борышкердің ісі сотта жатыр. 2 мыңнан астам абонент сот шешімімен 162 млн. теңге орталыққа қарыз деп шешілді. Тағы бір ескеретін жәйт.

Үй сатып алған мына абонент жылуға қалай төлейтінін сұрап келіпті. Мұндағы мамандар күрделіктер туындамас үшін, үй құжаттарына мұқият болған жөн деп тұрғындарды ескертеді.
Төлемдерге қатысты сұрақтарыңыз туындаса 23-29-76 телефонын теріп, сатып өткізу қызметі бөлімінің мамандарына сауалдарыңызды қоюға болады.