Жел, тұман, көктайғақ — отандастарымызды алда осындай ауа-райы күтіп тұр. Бұл Казгидрометтің болжамы.
Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде тұман, Атырау облысында — күндіз кейбір жерлерде 15-20 м/с екпінде жел тұрады деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін, Оңтүстік Қазақстан облысында-түнде таулы аймақтарда қалың қар жауады.
Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның көптеген су нысандарында мұз орнау процесі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су деңгейлерінің ауытқуы байқалады, бөлек өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.