Италиядағы Верона университетінің ғалымдары жас кезінен мысықты үйлерінде өсірген адамдарға қарағанда егде жасқа келгенде мысық ұстауға бейімделгендердің үй жануарына аллергиясы көбірек пайда болады екен.
Сонымен қатар зерттеушілер үйде мысық ұстап, бірақ жатын бөлмеге кіргізбесе, оның қайызғағына аллергия болмауы мүмкін дегенді айтады.
Дәрігерлер мұндай қорытындыға Европа қауымдастығының респиранторлық денсаулық орталығы екі кезең бойынша жүргізген зерттеулер негізінде келіп отыр. Алғашқы кезең 1991-1993 жылдары жүргізілсе, екінші кезең 1999-2002 жылдары орындалған.
Соңғы жылдары жүргізілген зерттеу бойынша 7318 қатысушының 828-де мысыққа аллергиясы бары анықталған.
9 жылдық зерттеу жұмыстар барысында 4468 адам сол күйі мысықты үйінде ұстамаса, 473 адам мысықты тек алғашқы жылы ғана үйінде асыраған, ал 700 адамның үйінде әрқашанда мысық болған.
Мәлімет www.sunhome.ru сайтынан алынды.