Президент жарлығымен 1992 жылдың 10 қаңтары Ішкі әскер құрылды. Оның құрамына күзет бойынша арнайы және мемлекеттік маңызы бар нысандарды қорғайтын бөлімшелер кіреді.
Бүгін Ішкі әскер комитетінде осы датаға орай салтанатты іс-шара өтті. Мерейтойлық шараға Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, ІІМ орталық аппарат басшылары, Ұлы Отан соғысының және Ішкі әскер ардагерлері, министрліктер мен мекеме басшылары, елордалық Ішкі әскер гарнизондарының қызметкерлері қатысуда.