Елімізде сұранысқа ие 95-ші маркалы бензин бағасы көтерілді. Сұйық отынның бұл түрі литріне орташа бағамен бір апта ішінде 4 теңгеге қымбаттаған. Ал республиканың 4 қаласында АИ-95 мүлдем жоқ.
Жанармайдың бұл түрін ең қымбат бағаға сатып алып отырған Петропавл мен Астананың көлік жүргізушілер. Оның құны 145-146 теңге.
Ал ел бойына Талдықорған мен Қарағандыда бұл бензиннің бағасы төмен болып саналады. 140 теңге.