Жиын соңында Қайрат Мәми 16 жасар қызды қағып өлтірген полицейге қатысты істі қайта қарау керектігін мәлімдеді. Көпшіліктен түскен сұраққа: — Ол қайта қызметке жіберілмеуі керек. Асқар Көлбаевты жүргізушілік құқықтан айырып, оның куәлігі қайтарылмауы қажет.
Егер соттың үкімі олай болмаса әділетсіз шешім шығарғаны, Осындай әділетсіздіктің кесірінен халықтың сотқа деген сенімі жоғалады. -деп жауап берді сенат басшысы.
Сондай ақ Қайрат Әбдіразақұлы бұл істі облыстық прокурор мен сот қатаң бақылап, қадағалауы қажеттігін жеткізді. Сөз соңында ол: мұндай қылмыстық істерді шынында да Қазақстанда жүргізіліп жатқан рақымшылықпен жеңілдетіп ізгілендіруге болатындығын айтты.