Өткен жылы Шымкент қаласы бойынша 246 өрт оқиғасы тіркелген

247

Бұл соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Сол себепті мамандар қауіпсіздік шараларына үлкен мән беруді ескертеді. Бүгін қалалық өртке қарсы күрес қызметінің мамандары жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырды.

Басты мақсат әрбір тұрғынға тілсіз жаудың алдын алу шараларын жеткізу. Ең бастысы, сақтық өзің үшін ғана емес, өзгелердің де өміріне деген жауапкершілік дейді өрт сөндіру қызметінің мамандары.

Жоспарлы жұмысты «Чапаевка» елді мекенінен бастау да бекер емес. Себебі, мұндағы көпқабаты және көп пәтерлі үйлердің бәрі 1953\59 жылдары қамыстан салынған каркасты үйлер. Өткен жылы орын алған өрт өқиғасының 80 пайызы тап осындай көпқабаты үйлерде болған.

Қалалық өртке қарсы күрес қызыметінің мамандары жыл бойы осы жұмысты жалғастырмақ. Тек үгіт-насихат арқылы ғана әр тұрғының өзіне және өзгенің өміріне деген жауапкершілігіні артыруға болады деген үмітте.