Дархан Мыңбай министр болды

Оңтүстіктің тумасы, талай жыл Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары қызметін аброймен атқарған Дархан Қамзабекұлы Мыңбай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
Қазіргі сәттерде үкімет басшысы К.Мәсімов Мәдениет министрлігінің ұжымын жаңа басшымен таныстырады деп күтілуде.
Дархан Мыңбай мамандығы — журналист. Ол 2008 жылдан бері ҚР президентінің әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып қызымет атқарып келді.