Оқыс оқиға 

Демалыс күндері 300-ге жуық адам қар астынан шығарылды

Бірнеше тәулік бойы төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері өз жұмысын қарбаласпен өткерді. Қарға тығылғандарды құтқарып, асуларда бөгелген көліктерді қауіптен арашалады. Сөйтіп, төрт күн демалыста құтқарушылар бір кісідей еңбек етті.

Тығырыққа тірелдік деген хабар Төтенше жағдайлар департаментіне 29-желтоқсанда-ақ келіп түсіпті. Ащысай ауылынан Кентауға дейінгі жолды қалың қар басып, бірнеше көлік бөгеліп қалған. Төтенше жәйттен хабарланған құтқарушылар түнгі сағат 12-ге жақын жетіп, қауіпті сейілтіпті.

Ал келесі күні Созақ ауданы мен Шаянды байланыстыратын тасжолдан суыт хабар келіп жетеді. Бөлімшедегілер онда көлік кептелісінің орын алғанынан құлағданады. Ондағы көптонналы жүк арба жол үстіне тұрып қалып, сол маңдағы көліктердің жылжуына кедергі келтірген. Олардың ішінде мұнай құйылған цистерна да бар болатын. Көктайғақ жол мен күшті жел құтқарушылардың және өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатқан.

Осы сынды көрініс Түлкібас ауданында да орын алыпты. Ондағы арнайы қызметтер де демалыс күндері тыным таппаған. Оқиға орын алған жерлерден зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ дейді төтенше жағдай қызметкерлері.

Дегенмен осы күндері қарға көлігі тығылып қалған 273 адам мен 23 көлік құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл ақпарды ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Арман Әсібеков мәлімдеді.

Десе де, мейрам күндері құрбан болғандар бар. Улы газдан екі жасөспірім қайтыс болып, өртке шырмалған тағы екі әйел көз жұмды. Бұдан бөлек, бір ер азамат шойын жолға түсіп, опат болды.

Related posts

Пікір қалдыру

2 пікір - "Демалыс күндері 300-ге жуық адам қар астынан шығарылды"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Адамдардын озі кіналі. Биыл кыстын ерекше болып жатканын коре тура, калааралык жолга шыгып, кар кептелісінді турып калып, бала-шагасын абіржеткенше уйлерінде тыныш жатпай ма? Айтпакшы, кошедегі машиналарды байканызшы барі жаздык баллондармен шауып жур. Сосын да сонгы апта апаттын кобейіп кеткен. Жургізуші деген сауатты болса гой.

Созактагыларга обал болыпты. Куткарушылардын уакытылы барганынан куманім бар. Аман болайыкшы, айтеуір!

wpDiscuz