Бүгін, бір тәулік ішінде еуро құны бақандай 3 теңгеге төмендеді. Валюта айырбастау пунктіндегілер де еуроға деген сұраныс мүлдем жоқ деп отыр. Сарапшылар әлемдік нарықтағы еуроның құлдырауын еуроодақтағы тұрақсыздықпен тікелей байланыстырады. Күміс азса күл болар. Ақшаны еуромен сақтағанды жөн көретіндердің дегбірі қашқандай. Әлемнің бірыңғай валютасы — еуро қарқынмен құлдилап барады. Мұны белді банк ҚР Ұлттық банкіндегілер де растап отыр.
Диана Мырзанова: ҚР Ұлттық банкі ОҚОФ жетекші экономист маманы: «Еуро бағамы жылдың алғашқы алты күнінде 5 теңгеге төмендеді. Бұл әрине, Еуропа қауымдастығындағы экономикалық жағдаймен тікелей байланысты. Ары қарай не боларын ешкім де дөп басып айта алмайды.»
«Бүгін еуроны 190 теңгеден де сата алмаудамыз. Оңтүстікқазақстандықтардың да еуроға деген сенімі сейілуде»- дейді валюта айырбастау орындағылар. Әлемдік нарықтағы еуро бағамының болашағы қандай болмақ? Көпшіліктің көңілін күпті еткен бұл сұраққа еліміздің белді банкінің мамандары жауап бере алмайды. Десе де елдің еуроға деген көз-қарасы әрқилы. Бірі Еуроодақ әлемнің белді ұйымы, сондықтан да евроның құны қалпына келеді деп үміттенсе, енді бірі евроның дәрені тарқуда деп санайды.
Не десек те, ақша кетуге, есеп ұстауға тырысады. Ақшаны 3 түрлі валютада, еуро, доллар, төл теңмен жинақтаған жөн деген сарапшылар сөзі дұрыстығын дәлелдеді.