рейд Май қызметкерлеріңнің

Жолаушылар тасымалдайтын көліктер мен такси жүргізушілерінің рұхсат етілмеген жерге тоқтауы үйреншікті жәйтке айналып барады. Салдарынан қаладағы қозғалыс қиындай түседі. Бұл ретсіздікті қалыпқа келтіру мақсатында бүгін қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары рейд ұйымдастырды.

Бір күн бұрын мекемеаралық хаттардың жіберілгендігінен болар, кешегі сапырылысқан ретсіздік бүгін байқалмайды. Сондықтан бұған қарап, рейдтің нәтижесі бар деуге болмас. Шараның қалада алғаш рет ұйымдастырылуы емес. Алайда әлі күнге дейін көлікшілер түпкілікті ережеге бағынар емес.

Екінші мәселе қаланың кез келген жеріне бара қалсаңыз, автокөлігіңді жол жиегіне қойғаныңыз үшін ақы төлейсіз. Биыл алымның көлемі де көбейіпті. 100-ден 200 теңгеге көтерілген. Қолдарына ала таяқ ұстағандар осындай жолмен ақша табуды көздеген. Қала әкімдігінің бюджет қаражатына салған уақытша тұрақтарын да ақылы етіп алған. Мысалы, Рысқұлов және Дулати көшелерінің қилысындағы шоғырланған такси автокөліктерінің заңсыз тұрағымен МАИ қызыметкерлері көптен бері күресіп келеді. Алайда бұл жерге қала әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі бастығының орынбасары қол қойған. Қағаз алған кәсіпкер 100 теңгеден ақша жинайды. Тек құжатта уақытша тұрақ деп жазылған.

Рейд барысында да амалы таусылған мамандардың аузынан «көш жүре түзеледі» деген сөзді естідік. Тек одан нәтиже жоқтығын өздері де біледі. Олай болса, бүгінгі рейд те басшылардың алдында кезекті рет берілген есеп ретінде енетіні белгілі.