Оңтүстікте жанармай тапшылығы жоқ

225
жанаржағармай

Облыстың жанар жағармайдан жылдық сұранысы 615 мың тонна болса, соның 385 мың тоннасын Мұнай және Газ министрлігі әлеуметтік ЖЖМ ретінде бөледі. Ал қалған 230 мың тона бензин мен салярканы «Газпромнефть Гелиос Синойл» және «Қазмұнайгаз» АҚ секілді рыногтағы доминантты 4 мекеме қамтамасыз етеді. Ал мұнай және газ министірлігінен бөлінген жанар жағармайды министірліктің талаптарына жауап беретін операторлар ала алады.

Бәсекелестікті қорғау жөніндегі өңіраралық инспекциясы берген мәліметінше, 363 мекемеге жанар жағармайды тарату мен сатуға лицензия берілген. Алайда олардың 111-і ғана әлеуметтік жанар жағармайды таратуға рұқсат алған. Өзгелері бұл жеңілдікке жете алмапты. Олардың қатарында қасақана жанар жағармай тапшылығын туғызып, әкімшілік жазаға тартылғандар да бар.

Бүгінде саудаға салынып жатқан жанар жағармайдың сапасын алдағы кезде анықтап беруге басқарма басшысы уәдесін берді.Себебі сапа барлық көлік иелерінің көкейінде жүрген мәселе. Ал қысқы саляркаға келер болсақ, ҚР-да ондай жанар майжоқ болып шықты. Сол қыстық саляркаға құрамы жағынан жақын отын бар екен. Тек оның бағасы әлдеқайда қымбат. Сол себепті, бүгінде қолда бармен қанағат тұтуға мәжбүрміз.