Бұл туралы төтенше жағдайлар министрігіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz сайты хабарлайды. Мекеменің мәліметінше, қайғылы оқиға Бадам стансасында болған.
1993 жылы туылған азаматты № 2205 жүк пойызы басып кетіп, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Оқиға 10-қаңтар күні сағат 14.10 да орын алған. Қазір оқыс оқиға бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осындай қаза өткен жылдың желтоқсан айының ортасында да орын алған екен. «Кызылсай — Манкент» станциясында болған қайғылы оқиғада 1983 жылы туылған жігіт қаза болды.