Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде отандастарымыз ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті маслихат депутаттарын сайлауға атсалысады. ОҚО сайлау комиссиясынан алынған мәлімет бойынша, алғашқы сағаттарда облыс тұрғындарының 5 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Дауыс беруде алдыңғы қатарда Арыс, Төлеби, Шардара аудандары тұр.
ОҚО сайлаушылар саны жағынан көп облыс болып отыр. Облысымызда 1 млн. 211 мың 500 адамды қамтитын 1016 учаске бар. Барлық учаскелер әрбір дауыс берушіге арналған 3 блюллетеньмен алдын ала қамтамассыз етілген болатын.
Сайлау науқанынан түсіп қалған «Руханият» партиясы және облыс, қала аудан маслихаттарына үміткерліктен түсіп қалғандар бюллетеньде сызылып тасталынған.