Көліктің көбі Шымкентте қалады. Өртке қарсы күрес гарнизоны 7 мықты көлікпен толықты. Олардың әдіс-тәсіл және техникалық мәліметімен Шымкенттің командирлері танысты.
Қызыл ала тұлпарлар Темірлан тас жолында орналасқан №1 арнайы жасақтың оқу алаңына қойылды. Біріншісі-«Газель» негізіндегі жылдам әрекет ететін автокөлік. Көлік саты, қуатты шам, шағын электр станциясымен жарақтандырылған. Ол тонна суды алып жүре алады.
Өртсөндрушілер сонымен қатар, 3 автоцистерна иемденді. Және өртсөндірушілер 30 метрлік жаңа автосатымен жабдықталды. Жаңа көлік алдыңғы үлгілермен салыстырғанда оның арнайы оқпаны бұрынғыдағыдай тұтқышпен емес, пультпен жұмыс істейді. Сонымен қатар, оқпанға ұңғыны жалғап, оны қашықтан басқаруға болады.
Тағы бір көлік- байланыс және айқындау транспорты. Ол 70 км. қашықтыққа жайлаған бірнеше ықшам радиостанциясымен жасақталған. Аймақта арнайы «Урал» негізіндегі көлікте пайда болды.
Су жаңа көліктің басым бөлігі №1 жасақтың пайдалануына қалады.