Жаңалықтар 

Сайлау барысында заңсыздық орын алды

№1 сайлау учаскесінде сайлаушылардан бақылаушылардың қатары көп. Соған қарамастан, заң бұзушылықтар орын алды дейді мұндағы бақылаушылар. Олар сайтымызға хабарласып, осылай мәлім етті.

Айтуларынша, бір топ студентер қолдарында үй кітапшалары болмаса да сайлауға қатысқан. Жастардың айтқан мекен жайлары бойынша тексере келе, ондай адамдардың ол мекенжайларда тұрмайтыны анықталған. Осы учаскеде өз таңдауын жасаған жастар келесі сайлау учаскесіне де барған, дейді бақылаушылар.

Юлия Дробязко, бақылаушы: «Бір топ студент бір пәтерде тұрамыз деп келді. Тізімде де бар екен. 10-15 адам бір

Юлия Дробязко, бақылаушы

пәтерде қалай тұрады. Ал сол үйдің тұрғындары мұндай студентт ер бізде тұрмайды деді. Осындай 10 адамнан 2-3 топ келді. Ескерту жасадық бір емес бірнеше рет. Бірақ, біз не істей аламыз. Қолымыздан не келеді. Осындай заңсыздық болып жатыр деп сіздерге хабарластық».

Ляззат Нышанбекова, бақылаушы

Ләззат Нышанбаев, бақылаушы: «Барлық жерде заңсыздық орын алып жатыр. Барлығын аралап шықтым. 1 топ студент үгіт-насихат жасап жүр. 2 әйел тұр екен. Қасына барғанымда жастарға дауыс бермеңіздер. Орта жасағы үміткерлерге беріңіздер даусыңызды деп жүр. Біз комиссия мүшелеріне 1-2 рет заңсыз ғой бұл деген едік үндемеді.Сыртта үгіт-насихат жүріп жатыр деген кезде ғана қимылдай бастады».

Орын алған келеңсіздіктер бойынша, хаттама түзіліп орталық сайлау комиссиясына жолданды. 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz