Есеп комитеті «ҚазМұнайГаз» компаниясында заңбұзушылықтар анықтады

94

Есеп комитеті «ҚазМұнайГаз» компаниясының қызметін тексеру барысында жүздеген миллион теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудит кезінде бір адамның бірнеше лауазымды қызметті қоса атқарғаны белгілі болған. Осылайша, пысықай басшы екі қызметтің айлығын алып отырған.

Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаздың» есебінен былтыр Түркістанда амфитеатр соғылған болатын. Ауқымды құрылыс барысында 308 миллион теңгеге жуық қаржы үнемделген. Алайда, ол қаражат қайтарылмай қалған. Сотқа дейінгі арыздан соң бұл сома компанияның есепшотына аударылғаны белгілі болды.

Шынар Оразова