Жабайы аңның құрбандары Спатаев ауылының тұрғындары болып шықты. Төрт азамат жыртқыш қасқырға шабуыл жасап, ұстамақ болған.
Олардың айтуынша, бір азамат таңертең үйінен шыға сала қасқырға ұқсас жануарды кезіктіреді. Үй иесі шақырылмаған қонақты қуып жібермек болғанында ол шабуыл жасаған. Қасқыр шапқан азаматқа көмекке келген көршілерінің барлығын жыртқыш тістеп алған екен.
Нәтижесінде қасқырды өлтіріп, өздері жергілікті ауруханаларға медициналық көмекке жүгінген. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің жіті қадағалауында.
Енді оларға «құтыруға» қарсы вакцина салынбақ. Ал өліксені ветеринар дәрігерлер тексеріп жатыр.