Құтырудан сақтаныңыздар…

25

 

Шымкент қаласы бойынша 2020 жылы ит-мысықтан 3010 адам зардап шегіп медициналық көмекке жүгінсе, 2021 жылы 2842 адам задап шегіп құтыруға қарсы екпесін алды.

Шымкент қаласының Абай ауданында 2022-жылдың басынан бері адамдар арасында күннен күнге ит- мысықтан зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ барлық зардап шеккендер медициналық көмекке жүгіне бермейді. 2020-2021 жыл аралығында 40 000 ит-мысық ауланса , 2022 жыл басынан бүгінгі күнге дейін ветеринарлық қызмет тарапынан 2947 ит, 121 мысық ауланды.

2020-жылы 5 ит, 2021 жылы 2 ит, 2022 жылдың алғашқы 2 айында 1 иттің басынан құтыру ауруы анықталып отыр. Ол дегеніміз біздің қаламыз құтыру ауруынан алшақ еместігін білдіреді. Яғни, құтырған ит пен мысықпен қарым қатынаста болған адамдар дер кезінде уақыт өткізбей құтыруға қарсы екпесін алмаса осы бір аты жаман ауруға шалдығуы мүмкін.

Тұрғындар жануарлардан зардап шеккен кезде медициналық көмекке жүгіну керек екендігін біле бермейді. Кез келген ит –мысықты потенциялды түрде құтырған деп қабылдауымыз қажет. Зардап шеккен жағдайда уақтылы медициналық көмекке жүгінбеу құтыру ауруына әкеліп , қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Жыл сайын ит-мысықтарыңызға ветеринарлық қызмет тарапынан құтыруға қарсы вакцинация жасатуларыңыз қажет.

Құтыру-бұл ауру вируспен зақымдалған ит мысықтың, жабайы жануарлардың жарақаттауы, сілекейлеуі арқылы адамдарға жұғатын аса қауіпті инфекциялық ауру.
Құтырудың инкубациялық кезеңі 10 күннен бір жылға дейін созылады. Аурудың клиникалық белгілері: Науқастың дене қызуының көтеріліп, адамның психикасында ауытқулардың пайда болады, адамда желден қорқу, жарықтан қорқу, қатты дыбыстан және судан қорқу симптомдары пайда болады.

Құтырған жануар біреуді жарақаттағаннан кейін перифериялық нервтер арқылы жұлынға, жұлыннан миға жетіп орталық нерв жүйесін зақымдайды.
Аурудың емі жоқ. Ит-мысықтан, күдікті жабайы жануарлардан зардап шеккеннен кейін құтыруға қарсы екпе алу-міндет. Өйткені екпе алу арқылы ғана бұл аурудың алдын ала аламыз. Зардап шеккен уақыттан бастап 0-3-7-14-28 күндері антирабикалық екпенің толық курсын қабылдау шарт. Тек вакцина жасау арқылы ғана аурудың алдын алуға болады.
Құтырудың клиникалық белгілері пайда болғаннан кейін, ауру әрқашан өліммен аяқталады.
Аурудың алдын алып уақтылы Құтыруға қарсы екпе алайық ағайын!!!

Г.А.Сыдыгалиева,

Шымкент қаласы Абай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы, эпидемиологиялық қадағалау

және бақылау бөлімінің басшысы