Түркістан облысында жасөспірім құтырудан қайтыс болды

90

Түркістан облысында ит тістегеннен кейін бір жыл өткен соң 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Болжам бойынша өлім себебі – құтыру. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен хабарлады.

Ата-анасының айтуынша, өткен жылдың мамыр айында ұлына ит шабуыл жасап, аяғынан тістеп алған. Бірақ медициналық көмекке жүгінбеуді ұйғарған олар өздері емдеген. Тек бір жылға жуық уақыттан кейін, 7 сәуірде жасөспірімде біртүрлі белгілер пайда болған мазасыздану, қорқыныш, дене қызуының көтерілуі,  тістеу аймағында ауырсыну, су ішу кезінде ауа жетіспеушілік сезімі, жалпы әлсіздікке шағымданған. Келесі күні ол тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, сүйек ауруына қарсы ем тағайындалған.

Осыған қарамастан, жасөспірімнің жағдайы нашарлай берген. Баласына қалай көмектесуді білмеген ата-ана жеке клиникаларға ғана емес, баламалы емшілерге де жүгінген.

Ультрадыбыстық сканерлеуден өткеннен кейін жасөспірімде бүйректің қабынуы анықталған.

Амалы таусылған ата-ана баласын 10 сәуірде жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізген. Жұқпалы аурулар бөлімінде оған құтыру деген диагноз қойылған. Сол күні барлық отбасы мүшелері дәрігерлердің бақылауына алынды. Алайда сегізінші сынып оқушысын аман алып қалу мүмкін болмады. Ол келесі күні, 11 сәуірде қайтыс болды.

Адамдарда инфекцияның инкубациялық кезеңі (құтыру) 12 күннен 100 күнге дейін, сирек 1 жылға дейін созылады. Сондықтан, тіпті төртаяқты тістегеннен кейін зиянсыз болып көрінетін сызат бірден пайда болмауы мүмкін.