Облыстық фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры Сарыағаш пен Сайрам, Төлеби және Отырар, Түлкібас сынды алты ауданның белді фермерлерін жинап, ауыл шаруашылығы техникаларының жаңа түрлерімен таныстырды.
Қытай, Израиль және Түркия елдерінің 2 мыңнан аса ауылшаруашылығы техикасының бағасымен танысқан шаруалар агрегаттардың артықшылықтарын ұғынды.
Раис Қараибрагимов, облыстық фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қорының төрағасы: «Шетелдік компаниялар ұсынған прайслистерде кіші мопеттен бастап, үлкен-үлкен тахникаларға дейін бар. Егер бүгінгі семинарға келген шаруалар қайсыбір техниканы ұнатып, алғысы келіп жатса, яғни бірнеше фермер болып бірігіп алғысы келсе, біздің қор оларға қосымша қаржы несие бере алады.
Кәсіпкерлерді қолдау қоры егер де мемлекеттен қаржы бөлінсе, қажетті техникаларға несиені 15 пайызбен, ал шетелден теңге тартылса 18-24 пайызбен беруді мақұл көреді.
Бұл шарттармен облыстағы ауыл шаруашылығының мамандары да келісуде.