Күн суық, ал жасыл алаңды қар басқанына қарамастан шымкенттің ең кішкентай футболшылары доп қуалауда. Ауа райы қандай болмасын матч өзгеріссіз өтеді дейді бапкерлер. Өйткені бұл дода ел чемпионатына іріктеу.
Әли Хамитұлы, жаттықтырушы: «Осы ойындардың қорытындысы бойынша ел чемпионатына баратын команданы жасақтаймыз. Бұл жастағылар үшін осы кездесулерде өзін көрсетуге жақсы мүмкіндік. Осыған дейінгі еңбегінің жемісін көретін кез.»
Алаңға №7 футбол мектебінің қыздарымен Ақтөбеліктер шықты. Қонақтар Шым қалада тәжірибе жинақтауға келген. Ең кішкентай футболшылардың жасы 11 ден енді ғана асқан. Алдағы ел чемпионаты бұл аяқдопшылар үшін алғашқы ресми турнир. Сол себепті қатаң іріктеу жүргізілуде.
Жолдастық кездесулер бес күнге жалғасады. Алты команданың арасынан бапкер
лер команда жасақтауға футболшыларды іріктесе, өзгелері тәжірибе жинақтап, қателікпен жұмыс жасауға кіріседі.