Шымкентте салынатын қоқыс алаңшаларының сызба-нұсқасы бекітілді

402
қоқыс қалдықтары

Бұл бағытқа қалалық бюджеттен 34 млн. теңге бөлінген. Қала әкімдігінің тұрғын үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі құрылыс жүргізетін мекемені анықтау үшін арнайы конкурс жариялады.

Жақын күндері Шымкент қаласына келетін жаңалықты Алматылық және Қызылордалықтар бір жылдан бері пайдаланып келеді екен. Ресейлік қатты қоқыс қалдықтарын салатын әр құтының сиымдылығы 5 текше метр және ол контейнерлер жер астына орналастырылады.

«Нұрсат» шағын ауданындағы әр алаңшада үш контейнер болады дейді мамандар. Бүгінгі таңда «Нұрсат» шағын ауданында 21 қоқыс алаңшасы бар. Әр алаңшаға сиямдылығы 0,75 текше метр болатын 3-тен 5-ке дейін қоқыс құтылары қойылған. «Техналогия 21» мекемесінің жұмысшылары осы алаңшаларды күніне үш рет тазартуларына тура келеді. Ал жаңа алаңшаның қоқыс сиымдылығы 20 текше метрге дейін жетеді және санитарлық тазалыққа сай болады екен.

Қаламыздағы үш аудан бойынша 500-ге жуық қоқыс алаңшасы бар. Алайда сол алаңшалар орнатылатын жер мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапай келеді. Амалсыз кейбір алаңшаларды жол үстіне қоюға тура келеді. Қоқыс тазалығына жауапты екі мекемедегі ең басты проблема осы.