Контейнерден салынған үйде тұрамыз

1214
контейнерден салынған шетелдегі үй
контейнерден салынған шетелдегі үй
контейнерден салынған шетелдегі үй

Қолжетімді баспаның өзі қазақстандықтар үшін қолжетімсіз. Осындай шешімге келген шымкенттік жастар жас отбасының қалтасы көтеретіндей үй ойлап тапты. Анау-мынау емес контейнерден. Жоба республикалық байқауда жоғары бағаланып, қазір сарапталып жатыр. Айымыз оңынан туса, әрі арзан, әрі тез, оңай салынатын темір үйде тұратын боламыз.

Ерболат Егембердиев жастардың баспанасыз жүргеніне бей-жай қарай алмаған. Сөйтіп Қолжетімді әрі ыңғайлы, баспана ойлап тауыпты. Контейнерден. Бір бөлмелінің құны шамамен 5 мың доллар.

Ерболат Егембердиев
Ерболат Егембердиев

Ерболат Егембердиев, «Мемсараптама» РМК қызметкері: «Көбісі түсінбейді. Өйткені олар контейнерлерді тек қоймадан ғана көрген. Қыста суық, жазда ыстық деп ойлайды. Алайда, оның пайдасы көп. Оны үй сияқты сәндеген өте қолайлы. Зияны да жоқ».

 Жаңалықты жатырқай қабылдайтын халық үшін бастапқыда темір үйдің түсініксіз болатынын өнертапқыш жастар жақсы түсінеді. Алайда, жалдамалы пәтерде жүріп, сан мыңдаған кезекті күтіп, ипотекаға ұрынғанша контейнер үйде тұрған тиімді дейді.

Ерболат Егембердиев, «Мемсараптама» РМК қызметкері: «Онсызда тұрғын үйдің бағасы шарықтап тұр. Сондықтан баспананың бабын осылай шешуге болады. Қаласа үйдің жобасында ұсына аламыз. Мемлекетке телміргенше осылай өз жағдайымызды жасай берсек болады».

Қолжетімді баспана алудың машақатымен жылдар бойы жүгіріп , мемлекетке әрбір жас отбасы 4 млн. Теңгеге дейін қарыз болады. Ал контейнерден үй саламын деген азамат кем дегенде екі айдың ішінде баспаналы болатын көрінеді. Қазір осыған ұқсас үйлері шетелдердіктер көп қолданылады.

Фаррух Абдюшев, идея авторы: «Англия, Германия, Жаңа Зеландия, Қытай сияқты дамушы елдерде аталмыш технологияны бұрыннан пайдаланады. Бұл табысы төмен азаматтар үшін тиімді саналады. Мәселен контейнерлерден салынған 3 бөлмелі үйдің бағасы 11 мың долларды құрайды».

Шағын бір бөлмелі үйдің макеті
Шағын йдің сызбасы


Шымкенттік өнертапқыштардың ойы Елорда тұрғынына қатты ұнаса керек. алғашқы тапсырыс беруші де астаналық. Олар үй-күйсіз шымкенттіктерден тапсырыс болатынына сенеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IGEVBd5otUM[/youtube]