Шымкенттіктер каратэнің шитарю түрінен чемпион атанды

285
Шымкенттік каратэшілер ҚР Чемпионатынан оралды

Шығыс жекпе-жегін жетік меңгере білген жерлестеріміз жуырда ғана ел біріншілігінен оралды. Оңтүстік астанаға жол тартқан 17 спортшының 11 жүлдемен оралды.

Серік Кәрібаев, жаттықтырушы:
«Бүкілкомандалық сынақта екінші орыннан көріндік. Бұл біз үшін жақсы жетістік. Алда әлі де жарыстар көп. Бірінші орыннан көрінерміз деп сенемін.»

Уалихан — 12 жаста. Ол алматыда өткен жарыста алтыннан алқа тақты. Қатарластарының арасынан топ жара білген шымкенттік каратэші енді Азияда ептілігін байқамақ.

Уалихан, каратэші:»Азия Чемпионатына іріктеуден өтсем деп армандаймын. Халықаралық дәрежеде топ жарсам деймін.»

9 алтын екі күміс медаль. Шымкенттіктер алматыда өткен ел біріншілігінде облыс қоржынын 11 медальмен толықтырып, командалық есепте алаң қожайындарына ғана есе жіберген. Десек те Азия чемпионатына іріктеуден жерлестеріміз сүрінбей өткен.

Бұл жеткіншектер енді наурыз айында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалуда. Сынақтан өткендер Гонконгтағы Азия біріншілігінде ептілігін байқауға мүмкіндік алады.