Жаңалықтар 

Синоптиктер ОҚО-да дауыл болатынын ескертеді

Мемлекеттік метеоқызмет сайттарында Қазақстанның 3 облысында- Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстанда дауыл болатынына ескерту жасалынған.

Ауа-райын бақылаушы маманның мәліметіне сүйенсек, 16-қаңтар күні Шымкентке қалың тұман түсіп, қар жауады. Орташа температура 1-3 градус нөлден төмен болады.
Атырау облысының аудандарында синоптиктер жел тұрып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп хабарлайды.

Ал Маңғыстау облысында желдің екпіні  секундына 16 метрді құрап, дауыл тұрады. Жаңбыр аралас қар жауып, көк тайғақ та болуы мүмкін. Батыс Қазақстан облысында қар жауып, ауа температурасы 8 градусқа дейін күн суытады.

Метеорологтар Астанада күндіз -13, түнде -19 болады дейді. Ел астанасында да қалың  қар жауады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz