Бірнеше айға созылған сот процесі борышкерлердің пайдасына шешілді. Бірақ, сот арызданушылардың бар өтінішін қанағаттандырған жоқ. Арызгерлер баспаналарын қайтарып берумен қоса, пайыздық үстемақының мөлшерін азайтуды, кепілдік мүлік турасындағы келісім-шартты жарамсыз деп тануды сұраған болатын.
Балайым Шыршықбаева, «Өз үйіңді қорғайық» ҮЕҰ төрағасының орынбасары: «Біздің сотқа арызданғанымызға бірнеше ай болғанымен, үш жылдан бері осы мәселемен сандалып, табанымыздан тоздық. Оның арасында қаншама жүйке тозып, қанша шаш ағарды. Біз моралдық шығынды өтеу турасында да талап қойған болатынбыз.»
Міне осы үшін ҮЕҰ моральдық ақы талап еткен болатын. Басында кепілге қойылған пәтер жайында дауласып, ақыр соңында сотқа жүгінуге тура келген.
Балайым Шыршықбаева, «Өз үйіңді қорға» ҮЕҰ төрағасының орынбасары: » Шымкент қаласы Абай аудандық сотының шешімімен Қазақстанда бірінші рет борышкерлер осындай жеңіске жетіп отыр. Ол оңай шару емес әрине. Ең бастысы, өзіңнің құқыңды ең соңына дейін қорғай білу керек. Өйткені бұл еліміздің басым бөлігінде жиі кездесетін проблема.»
Бірақ бұл іске нүкте қоюға әлі ерте секілді. Заңдылыққа сай, «БТА иппотеканың» Жоғары сотқа шағымдануына құқы бар.