Жаңа 2012 жыл облысымызда өткір респираторлы жұқпалы ауру және өткір респираторы вирусты инфекцияның белең алуынан басталды. Шымкентте қаңтар айының 1-і мен 5-і аралығында жедел жәрдемге алты жарым мыңнан аса шақырту түскен.
Дәрігердің көмегіне жүгінген жандардың жартысынан көбінде жоғары температура, жөтел және аталған инфекцияның белгілері байқалған. Алайда, әзірге ешкімге тұмау деген диагноз қойылған жоқ.
Дәрігерлердің тұрғындардан аса сақ болып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауын өтінеді. Күндізгі уақытта көкөніс пен жеміс-жидекті асқа пайдаланған дұрыс деп кеңес береді.