ЖСН-нің жеңілдігі көп

ЖСН – жеке куәліктегі туған күн графасының астында орналасқан 12 символ-дық код

ЖСН – жеке куәліктегі туған күн графасының астында орналасқан 12 символ-дық код. Бұл код ақпарат көздерін жаңартып, бірыңғай жүйеге ауысу мақсатында енгізілген.

ЖСН – жеке куәліктегі туған күн графасының астында орналасқан 12 символ-дық код
ЖСН – жеке куәліктегі туған күн графасының астында орналасқан 12 символ-дық код

«ҚР сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізбесі туралы» заң 2007 жылы қабылданған. Содан бері республика азаматтарына ЖСН беру жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының «Сәйкес­тен­діру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңына сәйкес 2012 жылдың 1 қаң­та­рынан бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) енгізіледі. Жеке сәйкестендіру нөмірі салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТН) және әлеуметтік жеке кодын (ӘЖК), статистика органдарының кодын және т.б. алмастырады. Әрбір құжаттың қағаз түріндегі көшірмесінің орнына мемлекеттік қызметшілер «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерек қорына ЖСН-ді енгізіп, азаматтар жайлы тиісті мәлімет алып, қызмет көрсете алады.

Эльмира Мырзагелдиева, ХҚКО инспекторы

– Жылдың соңына дейін ЖСН-і жоқ азаматтар өздерінің жеке куәліктерін тегін ауыстыра алады. Төлқұжаттар мен куәліктерді рәсімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына, ал олар жоқ жерлерде көші-қон полициясына барып, 2 фотосуретін, тіркеу кітабы мен жеке куәлігін тапсыру қажет. Кәмелетке толмағандарға ЖСН рәсімдеу үшін туу туралы куәлігіне арнайы қосымша жасалады. Ол үшін тұрғылықты орны бойынша тіркелгенін растайтын тіркеу кітабын, туу туралы куәлігін және ата-анасының жеке куә­лігін тапсыруы қажет. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) және басқа мемлекеттік органдар мен ведомстволар ақпараттық жүйеде қолданатын кодтар жарамсыз болып танылады. Сонымен бірге жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ жеке куәліктер мен төлқұжаттар да жарамсыз болады. ЖСН-ді уақтылы алмаған азаматтар нотариустың қызметтерін пайдалана алмайды, мүлікті, автокөлікті тіркей немесе сата алмайды. Салық төлемдері, банк операциялары, басқа да төлемдер, зейнетақы алу ЖСН-сіз жүзеге аспайды. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код және үй кітапшасы сияқты құжаттардың орнына ҚР бойынша 12 символдық код – ЖСН қолданысқа енгізіледі.

Әлеуметтік маңызы бар 255 құжат халықтан қағаз түрінде талап етілмейтін болады. Мамандардың айтуына қарағанда, лицензия-лардың барлық түрі электрондық форматта беріліп жатыр. Әлеуметтік маңызы бар 80 рұқсат беру құжаты электрондық форматқа көшірілмек. Сонымен қатар жалпы құжаттардың 255 түрі немесе шамамен 39% талап етілмейтін болады. Бұл ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру нәтижесінде мүмкін болып отыр. Бұл құжаттар халықтан қағаз түрінде талап етілмейтін болды.

Мақпал РЫСБАЕВА