Күрестің үш түрінен өткен ел жарысының жүлдегерлері

304
күрестің үш түрінен ҚР чемпиондары Шымкентте анықталды

Шымкентте еркін күрес, қыздар және грек рим күресінен жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың алғашқы күні еркін күрестің палуандары медаль үшін таласқа түсті. Үш жүзге жуық палуандар арасынан өз салмақ дәрежесінде шымкенттік үш спортшы алтыннан алқа тақса, тағы үшеуі күміс және 1 қола медальға ие болды.

Чемпионаттың үшінші күні боз кілемге бойжеткендер шықты. 38 келіде павлодарлық Светлана Анкиячева бірінші кезеңде жергілікті Азиза Лесбекованы таза ұтып, шымкенттік спортшы күмістен алқа тақты. Оңтүстіктің қоржынына қыздар командасының салған жалғыз медалі осы болды. Төртінші күні жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында кезек грек-рим күресінің балуандарына жетті.

Биылғы ел біріншілігіне 14 облыс пен Алматы және Астана қалаларынан келген бас-аяғы 265 спортшы бас қосыпты. Нәтижесінде, Бағдаулет Еспенбетов және Нұрболат Налтенов алтыннан алқа тақса, Серік Керімханов екінші орыннан , ал Құрманәлі Райымбек алғашқы үштікті қорытындылады.