20-наурыз күні Шымкент қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде әнші Алтынбек Ташымбетовтің жеке шығармашылық кеші өтпек. Аталған кеш «Аққуымсың аңсаған» деп аталады. Шымқалада әнші концертті соңғы рет 2009 жылы берген екен. Міне арада үш өтіп Алтынбек жаңа бағдарламамен келіпті.
Алтынбек Ташымбетов алғаш рет өнерге 2000 жылы келген. Ол кезде бала Алтынбек көңілді тапқырлар клубының мүшесі ретінде көрермендерге әзіл ұсынатын. Міне, осыйлайша өнер баспалдағымен жоғары көтерілген ол жеке әнші болып халық алдына 2003 жылы шықты. Қазіргі таңда әншінің репертуарында 30 астам әндермен 5 бейне клип бар.
Алтынбек Ташамбетов Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туып өскен. Осы Шымқаладағы №26 орта мектепте білім алған. Отбасында тұнғышы. Өзінен кейін бір бала, екі қыз бар. Жақында екінші жартысын тауып әнші шаңырақ көтерді. Алматы қаласынан ұзатылып келген сүйіктісімен үйлену тойын Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінде атап өтті.
Қазір Алтынбек алдағы күндері өтетін концерттік кештеріне қарқынды түрде дайындық үстінде. 20-наурыз күні Шымкент қаласында, ал 24-наурыз күні Тараз қаласында әнші концерттік кеш өткізбек. Сонымен бірге, бірер күнде әншінің орындауындағы «Ата дәстүр» атты жаңа әнге бейне клип түсірілуде.
Алтынбек Ташымбетов,әнші: «Қазір толығымен шығармашылықпен айналысудамыз. Жаңа әндер, көрермендерді таңқалдыру. Жатпай тұрмай өнер жолында шыңдалудамыз. Ал өз тындармандарымызға айтарым. Концерттік кешіме келіңіздер. Күтемін. Қашанда сіздер үшін ән жазамыз. Тек сіздердің патша көңілдеріңіз үшін талмай еңбектенудеміз».