Қысқы спорт түрінен шымкенттіктер жүлдесіз қайтпады

319
шорт трэктен шымкенттіктер топ жарды

Шымкенттің шорт трэктен жас спортшылары да жарыстан оралды. Астанада өткен жарыста еліміздің барлық облыстарынан жеткіншектер мұз үстінде сынға түскен. Олардың арасында Шымкенттіктер қарсыластарының арасынан тәжірибесі жағынан жас спортшылар екені байқалды. Өйткені, қысқы спорт түрлері мектебінің оңтүстікте ашылғанына аз ғана уақыт болғаны белгілі. Десек те жерлестеріміз жарыстан жүлдесіз қайтпады.

Ел ордада өткен Қазақстан чемпионатында Нұрлыбек Бейсеев бірінші орыннан көрінді. Ал Мереке Сабанбай, Аида Даулеталиевамен Талғат Сұлтанбек және Жасұлан Тұратбеков күмістен алқа тақты. Қола медальді Әли Айтбай жеңіп алды. Бұл спортшыларды чемпионатқа Роман Кәрібаевпен Гүлмира Кеңесова дайындады.