Бұл күндері Елордадағы Дәулет спорт кешенінде бокстан Азияның олимпиадалық турнирі өтуде. Азияның 28 елінен олимпиадаға үмітті боксшылар барын салуда. Осы сында еліміздің атынан Біржан Жақыпов (49 келі), Ильяс Сүлейменов (52 келі), Данияр Елеусінов (64 келі) және Василий Левит (91 келі) бағын сынап көрмек. 5 сәуір күні басталған доданың алғашқы нәтижелері де белгілі болды. Астаналық Д.Елеусінов иорданиялық, солтүстіккореялық қарсыласын ұтып, Лондонға баратындардың қатарын толықтырды. Ал жерлесіміз Біржан Жақыповқа оңай болмай тұр. Ол лицензияға ие болу үшін турнир жеңімпазы атану керек. Тағы бір отандасымыз В.Левит үшін де осындай жағдай. Б. Жақыповтың былтыр Баку шаршы алаңында сәтсіздікке ұшырағаны белгілі. Енді Біржан соңғы електік турнирде барын салуы тиіс. Айта кетейік, Оңтүстік боксшыларының арасынан олимпиадаға баруға тек Б. Жақыповтың мүмкіндігі бар