Вагоннан аққан химиялық сұйықтықтың салдарынан бірнеше жолаушылар пойызы бірер сағатқа тоқтатылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Сайрам, Түлкібас ауданындары аралығында, нақтырақ айтқанда дағы » «Сергеевка» темір жол станциясынан «Манкент» станциясына дейінгі аралықта «Арыс-Шу» бағытында жолға шыққан тауарлы поездан түсініксіз түтін шыққан.
Поезда пероксид сутегі тиелген 90 цистерна болған. Төтенше жағдайлар министрлігіндегілердің айтуынша, химиялық сұйықтық 200 шаршы метр аумаққа төгілген. Соның салдарынан 7 жолаушылар поезы мен 3 тауарлы поезд қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Қазір жағдай реттелді. Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.