Әнші Роза Әлқожа Шымкентте

Роза Әлқожа

Роза Әлқожа 9-мамыр күні қаламыздағы халықтар достығы үйінде «Жүрек назы» деп аталатын жеке шығармашылық кешін өткізеді. Аталған кеште әншінің жаңа әндері орындалып үшінші үн таспасының тұсауы кесілмек. Жерлесіміз айтыскер ақын Ақмарал Ілеубаева әншіге арнап арнауын айтып, Розаның жазған жүректен шыққан қара сөздері оқылады екен.

Роза Әлқожа, әнші, сазгер, ақын: «Жаңалығым өте көп. Өйткені, үнемі ізденіс үстінде жүретін өнер адамдарының бірі болғандықтан көштен ілегері қалмай шығармашылығымды шыңдап жүрмін. «Жүрек назы» атты әніме бейнеклип түсірдім. Мамыр айының 21 жұлдызы күні Жетісай қаласында, кейін Актау, Атырау қалаларында концерттік кеш беремін. Негізінде гастрольдік сапарларға өте сирек шығамын. Өйткені, кішкентай балаларым бар. Ұлым мен қызымн менің жолымды жалғап келеді. Мәселен, Алматы қаласында өткен концерттік кешімде өнер көрсетті. Ұлымның дауыс жақсы. Қызым биші. Бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Негізінде өзім өнерге үлкен қиындықтардан өтіп келдім. Бәрі маған неге тұрмысқа шыққаннан кейін әнші болып танылдыңыз дейді. Мен тұрмысқа дейін анам күйеуге шық деді, ал жолдасым ән айт деген деп жауап беремін.  Қазір жұбайымның демеуімен осындай жетістікке жетіп отырмын. Кезінде пәтер жалдап тұрдық, шеттей бала шаға сондай кезеңдерде жүріп-ақ, әндерімді өңдедім. Өнерді жаным сүйгендіктен мен ол қиындықтарға төзе білдім деймін. Баршаңызды концерттік кешіме шақырамын!»