19 маусым — Шымкентке республикалық маӊызы бар қала мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылданған күн. Бұл күн — Шымкент қаласыныӊ жаӊа тарихи кезеӊге аяқ басқан, үшінші мегаполистіӊ туған күні. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – туған Шымкентімізді сүйетін, осында өмір сүріп, еңбек етіп жүрген барша азаматтарды біріктіретін ерекше күн.
Шымкент – еліміздегі ірі мегаполистің бірі ғана емес, терең тарихы мен өзіндік даму қарқыны қалыптасқан шаһар. Бүгінде қала қарқынды дамып, келбеті жаңарып, дәстүр мен заманауи мүмкіндіктер үйлесім тапқан мегаполис ретінде өз орнын нығайтып келеді.
Қала барлық негізгі бағыттар бойынша жүйелі түрде дамып жатыр. Жаңа әлеуметтік және білім беру нысандары ашылып, тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. Көлік және инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға басымдық берілуде.
Қалалық ортаның жайлылығын арттыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қоғамдық кеңістіктер, саябақтар мен аулалар абаттандырылып, шағынаудандардың заманауи келбеті қалыптасып келеді. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру басты назарда.
Түрлі бастамалар жүзеге асырылып, цифрлық шешімдер енгізілуде. Сонымен қатар білім алуға, спортпен айналысуға және бос уақытты тиімді өткізуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп келеді. Мұның бәрі қаланы әрбір тұрғын үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы етуге бағытталған.
Алайда қаланың басты байлығы да, қозғаушы күші де – тұрғындар. Сіздердің адал еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыздың арқасында Шымкент өсіп-өркендеп, жаңа белестерді бағындырып келеді.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және ертеңгі күнге деген сенім тілеймін. Әр шаңырақта татулық пен ырыс-береке орнап, сүйікті қаламыздың гүлденіп, келер ұрпаққа шабыт сыйлай беруіне тілектеспін».







