Úı ANONS Той кортежі жүргізушілері жауапқа тартылды

Той кортежі жүргізушілері жауапқа тартылды

фото ТОПД
Полиция қызметкерлері жол қозғалысын бақылау барысында той кортежіне қатысқан бірнеше автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады.  Тәртіп сақшылары жүргізген жедел шаралардың нәтижесінде кортеж құрамындағы көліктер тоқтатылып, жүргізушілердің әрекеттері тексерілді.
Анықталғандай, олар жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтіріп, қауіпті маневрлер жасаған. Полицейлердің дер кезінде араласуының арқасында жол-көлік оқиғасының алдын алу мүмкін болды.
Құқық бұзушылықтар бойынша BMW, Toyota және Mercedes-Benz көліктерінің жүргізушілеріне қатысты жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау және маневр жасау талаптарын сақтамау деректері бойынша заң аясында шара көрілді.
Сонымен қатар жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары түсіндірілді.