Шығыс жекпе-жекшілері нашақорлыққа қарсы

593
кірпіш сындыру - шинкиокушинкай әдісінің бірі

Каратэ шинкиокушинкай спорт түрінің Шым қалаға келгеніне бір жарым жылдай ғана болған. Алғашқы шәкірттері де бар. Бүгін олар өскелең ұрпақты нашақорлыққа қарсы тұруға шақыруда. Осы мақсатта олар алғашқы турнир де өткізді. Бұл тұста жерлестерімізді Қызылордалық каратэшілер де қолдап, өз командасын ала келген.

Жас спорт түрі болған соң, әзірге қателіктер көп. Алайда, көш жүре түзеледі дейді бапкерлер. Кірпіш сындырып, тақтайшаларды қақ бөлу жарыстың арнайы көрсетіліміндегі негізгі бөлімге айналды.

Бексұлтан Даутов, каратэ шинкиокушинкай ОҚО федерациясының директоры:
«Біз енді ғана ашылдық. Десек те жарыстарға шығып жүрміз. Ал бұл турнир шымкентте өткен алғашқы жарыс».

Қаланың ашық біріншілігіне қатысушылардың басым бөлігі 10-11 жастағы спортшылар. Каратэ-до түрінен шинкиокушинкайдың негізгі ерекшелігі, мұнда спортшылар бір-бірін жұдырықтың астына алып, ұпай санын әр соққы сайын көбейте түседі. Жарақаты жағынан да қауіпті спорт түрлерінің бірі.

Жарысқа келген әрбір спортшы чемпион болсам деп армандайды. Әзірге ертерек. Алайда уақыт өте бұл жоспар іске асуы әбден мүмкін.