Күндізгі сағат 14.00 шамасында Республика даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт орын алды. Оқиға болған жерге жедел түрде 5 өрт сөндіру көлігі мен ТЖ мамандары келді.
Тілсіз жаудың жалыны төртіншіден басталып, бесінші қабатты да шарпыған. Өрт сөндіру мамандары куәгерлердің айтуымен жоғарғы қабаттардың біріне көтеріліп, дәрменсіз зейнеткерді құтқарды. Көзі әлсіз көретін қарияға дәрігерлер алғашқы көмек көрсетті. Қуанышқа орай өрт салдарынан құрбан болғандар жоқ.
Куәгерлердің айтуынша, өрт оқиғасына жалдамалы пәтердің тұрғындары кінәлі көрінеді. Төтенше жағдайдың нақты мән-жайын өртке қарсы қызмет мамандары анықтайтын болады.