«Асыл Арман» балалардың арманын орындады

255
асыл арман өнімі

Салауатты өмір салтын ұстап, адам денсаулығын бірінші сатыға қоятын «Асыл арман» компаниясы балаларға базарлық жасады. Жыл сайын дәстүрлі түрде балдырғандар мерекесі қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тосын сый жасап, думанды кеш ұсынып қайтты.

 

Алма Архабаева-облысымыздағы барлық балалар үйінің жанашыры, дәстүрлі қонағы. Қазақстандағы бірден-бір танымал компания «Асыл арманның» қызметкерлерінің және сауда озаттарының атынан көңілі жарым балаларға бақытты сәттер сыйлауды ұмыстқан емес.

Алма Архабаева, «Асыл Арман» компаниясының директоры: «Ата-анасыз өсіп, тағдыр тәлкегіне ерте ұшыраған балдырғандардың әрқайсысына көмек беріп, жүрек жылуымды сыйлауға дайынмын, әрқашанда. Осындай ізгілікке өзгелерді де шақырамын. Біз жетімін жылатпаған елдің ұрпағымыз, келер ұрпақта да мейрімді болып, бейбіт өмірдің иесі атану үшін бірігіп, атсалысумыз қажет деп ойлаймын. Олар еліміздің ертеңгі арманын жүзеге асыратын балдырғандар.»

 

Компанияға «Асыл арман» атауы кездейсоқ қойылмаған. Армандап қана қоймай, оны жүзеге асырып, өмірде діттеген мақсатына жете білудің өзі үлкен өнер. Мұны Алма Архабаева өзінің әріптестеріне ғана емес, кішкентай балдырғандарға да үйретіп келеді. Арманға жетудің бір жолы ретінде балдырғандардың денсаулығын көтеруге көмек беруде дейді Алма Архабаева. Оны әріптестері де мойындайды.

Алма Архабаева, «Асыл Арман» компаниясының директоры: «Бізде облысымыздың ғана емес, бүкіл республикамыздың балалар үйінен келген алғыс хаттар көп. Олардың мазмұны да бір. Біз сыйлаған өнімдер балалардың денсаулығына жақсы әсер етіп, өмірге құлшынысын артыра түскен. Біздің тауарлардың арқасында оларға қаһарлы қыста үрей тудыра алмайды. Олар аурудан аулақ, имуниттері мықты болып бой түзеп келеді.»

Балалар күні мерекесі қарсаңында «Асыл арман» компаниясы екі бірдей балалар үйінде және жасөспірімдерді бейімдеу орталықтарында болып думанды кешпен, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қайтты. Қайрымдылық эстафетасының алауын компанияның өзге өңірдегі әріптестері алып, балаларға базарлықтарын сыйламақ.