Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашыға шабуыл жасалды. Оқыс оқиғадан қарапайым азамат қаза тапты. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
24-маусым күні кешкі сағат 17:30 шамасында Көктерек ауылында Сарыағаш шекара отрядының «Ынтымақ» шекара бекетінің лейтенантына қастандық жасалған. Автокөлікке мінген белгісіз 5 адам офицерге тап беріп, тапаншамен қорқыту арқылы автокөлікке күштеп мінгізбек болады.
Шекарашы қорғану мақсатында қарудан алдымен аспанға, содан кейін автокөлік дөңгелегіне оқ ата бастайды. Нәтижесінде шабуылдаушылар қашып кеткен. Ең өкініштісі — осы атыс кезінде сол маңнан өтіп бара жатқан қарапайым азаматқа оқ тиіп, ол ауруханада көз жұмды.